09.06.2014 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген

87882
09.06.2014 күнгі түрік баспасөзі

Сабах газетінің экономика беттерінде жарияланған «Экспортта ең жақсы клиент – Германия» деп аталатын хабарында Түркияның ең көп экспорт жасаған мемлекеттің Германия екенін атап көрсеткен. Хабарда Улудағ автокөлік өнеркәсіпшілер Одағының мағлұматтарына қарағанда мамыр айында Германияға экспорттың 46 пайыз артып, 358 миллион долларға жеткені жазылған. Газет алғашқы 5 айдағы экспорттың болса 30 пайыз артып, 1.6 миллиард долларға ұласқанына назар аударылған.
Йени шафак газеті «Түркия жеңіске жетеді» деп аталатын хабарында Түркия Республикасы тарихының ең маңызды жобасы ретінде жылдық 150 миллион жолаушы тасымалдау күшіне ие үшінші әуежайдың іргетасын қалау мерәсімінің әлем күн тәртібінде кең орын алғаны білдірілген. Газет мега жобамен байланысты BBC дің «Үкімет Түркияны Еуропаның қатынас орталығына айналдыруды нысанаға алады» деп жазғанын атап көрсеткен. Малайзия, Оман және Біріккен Араб Әмірлігі баспасөзінің авиация саласында халықаралық тасымалдау желісінің өзгеретініне тоқталған газет AFP хабар агенттігінің «Түркия жеңіске жетеді» деген тақырып қолданғанын білдірген.
Стар газеті «Premiere Vision қазан айында Стамбұлда» деп аталатын хабарында шамамен 30 жылдан бері Парижде ұйымдастырылып келе жатқан және түрік текстил мен дайын киім маркаларының келешектегі сезон трендтері жайлы көзқарас қалыптастырғандары көрмелердің басында келген Premiere Vision көрмесінің енді Стамбұлда жылына екі рет ұйымдастырылатынын атап көрсеткен. Газет «Premiere Vision Іstanbul»-дың тұңғыш рет 29-30-31 қазан күндерінде CNR Жәрмеңке орталығында жүзеге асатынын жазған.
Миллийет газеті «14 мемлекеттің дәрігері Стамбұлда басқосты»деп аталатын хабарында Стамбұлда әлемнің 14 мемлекетіне өкілдік жасалған және 300-ге жуық дәрігер қатысқан 5-ші Халықаралық Нейрон терапия конгресінің табысты түрде жүзеге асқаны атап көрсетілген. Газет Профессор доктор Хүсейин Назлыкул басшылығында жүзеге асқан Нейроиммунология тақырыпты конгресс аясында 140 баяндама мен 15 workshop орын алғанын білдірген.
Акшам газеті «Мерекеге түрік тілі қол таңба қалдырды» деп аталатын хабарында Германияның Бавария уәлаятындағы тарихи Фрайзинг қаласында ұйымдастырылған дәстүрлі Түркия - Бавария жазғы мерекесіне түрік тілінің қол таңба қалдырғаны атап көрсетілген. Газет Фрайзинг қала әкімі Тобиас Эшенбахердің ашылу баяндамасының алғашқы тарауын түрік тілінде жасағанын жазған.
Хабертүрік газеті «Ең үлкен желкенді Стамбұлға келеді» деп аталатын хабарында әлемнің ең үлкен желкенді жаттығу кемесі STS SEDOV-тың 12 маусым күні Стамбұлға келіп, желкенді сүйер қауымға таныстырылатынын жеткізген. Газет 4 бағаналы 93 жасар кеменің келушілердің аралауына ұсынылатынын білдірген. Хабарда 1921 жылы жасалған кеменің 117 метр ұзындығында екенін жазылған.
Ватан газеті «Ораза денені жаңартады» деп аталатын хабарында АҚШ-тық мамандарға қарағанда 3 күн ораза ұстағандардың иммунитетінің жаңаланғаны атап көрсетілген. Хабарда әсіресе қартаю мен рак ауруға байланысты зиян келген иммунитет жүйесіне ораза тұтудың пайдалы екенінің анықталғанына назар аударылған.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар