Тарихта 30 қараша
Тарихта бүгін

30 қараша 1900
Жазушы Оскар Уайльд Парижде қайтыс болды. Өзіне қол сұққан жазушы қонақүйдің қабырғасына «Біріміз кетуі керек» деп жазып кеткен.
30 қараша 1925
Түркияда кесенелерді, сопылық ханакаларды және орталықтарды жабу туралы шешім шықты. Заңнамада Түркия Республикасы ішінде ешбір тарихат, шейх, дәруіш және мүрит болмайтындығы, бұларға сай киім мен дәрежелердің алынып тасталатындығы көрсетілді. Сол күні Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасының артқы жағындағы қабырғаға да «Билік ұлттың қолында» деген жазу ілінді. Ататүрік Кастамонуда жасаған баяндамасында «Түркия шейхтер, дәруіштер, мүриттер және мәсхабтардың мемлекеті болмайды. Ең дұрыс тарихат мәдениет тарихаты болып табылады» деді.
30 қараша 1974
Эфиопияда 3,2 миллион жыл бұрын өмір сүрген бір адамның сүйектері табылды. Скелеттің ұзындығы 105 см екені хабарланды.