Тарихта  14  қараша

Тарихта бүгін

1527018
Тарихта  14  қараша

 

                         

14 қараша 1889

«New York World» газетінің қызметкері Нелли Блай 40 мың 71 шақырымдық Жер шарын айналу турын бастады. Блай саяхатына шабыт болған «Жер шарын сексен күнде айналғандар» кітабының авторы Жюль Вернмен саяхаты барысында танысты.

 

 

14 қараша 1914

Түрік режиссер Фуат Узкынай түрік кинематографиясының тұңғыш фильмі саналған «Аястефаностағы орыс ескерткішінің құлатылуын» түсірді. Ескерткіш 1877-1878 жылғы Османлы-Орыс соғысында қаза тапқан орыс әскерлерді еске алу үшін салынған еді. Бірінші Дүниежүзілік соғысында Османлы мемлекетінің Ресейге қарсы соғыс жариялануына орай ескерткіштің құлатылуына шешім жасалды.

 

 

 

 

 

 

 

14 қараша 1944

Сталин Месхет түріктерін отандарынан жер аударды. Месхет түріктері Кеңес Одағы құрамындағы 13 аймаққа айдалды. Сүргінге бас имеген шамамен 24 мың Месхет түркі Кеңес әскері тарапынан өлтірілді.

 



Ұқсас жаңалықтар