Тарихта 12 қараша

Тарихта бүгін

1526143
Тарихта 12 қараша

1900 жыл

Халықаралық Париж көрмесінде келушілер саны рекорд жаңартты. Шамамен 50 миллион адам аралаған көрмеге Османлы мемлекетіне қоса көптеген елден 76 мыңнан астам өндіруші қатысты. Кинофильмдер мен эскалаторлар келушілердің назарын қатты аударды.

 

 

1969 жыл

АҚШ-тық Пулитцер сыйлығының иегері журналист Сеймур Херш Вьетнамдағы Май Лай қырғынын ортаға шығарды. Қырғында АҚШ әскерлері араларында балалар мен әйелдер бар 500 жазықсыз адамды қырған болатын.

 

 

1998 жыл

Түркияның табандылығының арқасында Ресейден Италияға қашқан террорист басы Абдуллах Өджалан Рим әуежайында жалған паспортпен ұсталды.

 

 

1999 жыл

17 тамыз жер сілкінісінің артынан Түркия Болу, Дүздже және Кайнашлыда 7.2 балл күшіндегі жер сілкінісімен қайтадан шайқалды. Жер сілкінісінде 15 мыңнан астам ғимарат қирады, 845 адам қаза тапты және 4 мың 948 адам жарақат алды.



Ұқсас жаңалықтар