Тарихта 23 қазан

Тарихта бүгін

1512801
Тарихта 23 қазан

 

1956 жыл.. Венгрияда Кеңес Одағының басқыншылығына қарсы көтеріліс басталды.  Бүкіл ел көлеміне тараған көтерілісте Кеңес Одағы әскерлерінің елден кетуі талап етілді. Кеңес Одағы Венгрияны басып алуға шешім қабылдады және Қызыл Армия Будапештті қоршауға алды. Премьер-министр БҰҰ-дан көмек сұрады, бірақ күткен көмегін ала алмады. Басқыншылықтан кейін Кеңес Одағы құрған жаңа үкімет  премьер-министр Имре Наги де бар үш жүзден астам адамды дарға асты.  1989 жылы 100 мың венгр Нагиді еске алу рәсіміне қатысты және Венгрия мемлекеті Нагиді ақтады.

**

1983 жыл... Ливанның бас қаласы Бейрутта Америка және Франция бейбітшілік күші штабтарында жарылыс болды.  Американың 241 теңізшісі мен Францияның 58 әскері қаза тапты.

**

2011 жыл... Түркия Республикасы тарихындағы ең жойқын жер сілкіністерінің екеуі Ванда бірінен соң бірі болды.  6,7 балдық бірінші сілкіністен 18 күннен кейін бұл жолы 7,2 балдық жер сілкінісі болды.  Екі жер сілкінісінде 644 адам қаза тапты, 4 мыңнан астам адам жарақат алды. 



Ұқсас жаңалықтар