Тарихта 17 қазан

Тарихта бүгін

1510342
Тарихта 17 қазан

 

 

17 қазан 1448

Османлы армиясы 2-Косово соғысында көпшілігі венгрлерден тұратын крест армиясын жеңді. Бұл жеңіс Османлы мемлекетінің Балкандағы үстемдігін күшейтті.

 

 

17 қазан 1777

АҚШ күштері ағылшындарды Саратога соғысында жеңді. Осы жеңістің артынан Франция, Испания және Голландия Ұлыбританияға қарсы АҚШ армиясымен бірге қатысты.

 

 

17 қазан 1961

Елдерінің тәуелсіздігі үшін Парижде шеруге шыққан алжирліктерге француз полициясы шабуыл жасады. Тарихта «Париж қырғыны» деп аталған оқиғалар барысында 400 алжирлік өлтірілді. Кейбір шерушілердің мәйіттері Сен (Seine) өзенінен табылды.

 

 

17 жылы 1973

Жаһандық мұнай дағдарысы басталды. OPEC кейбір батыстық мемлекеттерге Сириямен соғысқан Израильге көмектескендері себепті мұнай эмбаргосын іске қосты. 10 Араб мемлекеті мұнай сауда бағасын 70 пайыз арттырды және мұнай өндірісін ай сайын 5 пайыз азайтуға шешім қабылдады.

 



Ұқсас жаңалықтар