Тарихта 2 тамыз
Тарихта бүгін
1865 жыл
Льюис Кэрроллдың бала әдебиетінің классикалық шығармаларының бірі «Алиса ғажайыптар елінде» атты кітабы алғаш рет жарық көрді.
1934 жыл
Нацистік жетекші Адольф Гитлер елдегі барлық қарсыластарының күшін жойды, «Фюрер» деп жарияланды. Германияда Екінші дүниежүзілік соғыстың шығуына себеп болатын тоталитарлық режим кезеңі басталды.
1945 жыл
Екінші дүниежүзілік соғыстың жеңімпаздарын біріктірген Постдам конференциясы аяқталды.
АҚШ президенті Труман, Ұлыбритания премьер-министрі Черчилль және Кеңес Одағы басшысы Сталин Германияны АҚШ, британ, француз және Кеңес Одағы қолбасшылары басқаратын 4 басқыншылық аймағына бөлуге келісті.
1990 жыл
Ирак армиясы Саддам Хусейннің бұйрығымен Кувейтке шабуылдады. АҚШ пен одақтастары Саддам Хусейннен басқыншылықты дереу тоқтатуын талап етті. Саддам Хусейннің бұл талапқа болымсыз жауап қайтаруы Бірінші шығанақ соғысының басталуына себеп болды.