Тарихта 12 шілде

Тарихта бүгін

1453002
Тарихта 12 шілде

1536 жыл

Қайта өрлеу кезеңінде пайда болған «Гуманизм» қозғалысының негізін қалаушы, пәлсапашы, жазушы Роттердамдық Дезидерий Эразм 69 жаста қайтыс болды. Эразм көркем өнер мен ғылымның таралуын, Еуропаны өнер мен ғылымның жалпы түсінігі шаңырағы астында біріктіруді гуманизмнің бірінші шарты деп санайтын. Кез-келген фитнаға, әсіресе шіркеуге қарсы Эразм әлемге өзінің ойларын «Ақымақтыққа мақтау» атты кітабымен жариялады.

 

1993 жыл

Жапонияның Хоккайдо аралында болған 7,7 баллдық жер сілкінісі биіктігі 5-тен 30 метрге дейін цунамиге себеп болды. Жер сілкінісі мен цунами салдарынан 230 адам қайтыс болды.

 

2006 жыл

Хизбулла ұйымының Израильге бағыттап зымыран шабуылдары жасауы және 8 израильдік әскерді тұтқындауының артынан Израиль армиясы Ливанға әскери операция бастады. Ливанның оңтүстігінде 33 күндік қақтығыстарда Израиль армиясы жеңіліске ұшырап, жүздеген бейбіт тұрғын қаза тапты.

 


Этикеттер: #тарихта бүгін

Ұқсас жаңалықтар