Тарихта 2 маусым

Тарихта бүгін.

1427416
Тарихта 2 маусым

 

1953 жыл

Ұлыбритания ханшайымы II Елизавета тәж киді. Ұлыбритания Ұлттар Достастығы мүшесі 16 елдің ханшайымы атағы бар II Елизавета 67 жылдық қызмет мерзімімен тарихта тақта ең көп уақыт отырған 4-ші билеуші.

 

1964 жыл

Палестина Азаттық Ұйымы құрылды. Ұйым Палестина жеріндегі көптеген топты бір шаңырақ астында жинады. Ең ірі топ ретінде Әл-Фатх басшысы Ясир Арафат ұйым құрылғаннан 5 жыл өткен соң Палестина Азаттық Ұйымының төрағасы болды.

 

 

1970 жыл

«Дүкенші мен балалары», «Әйелдің фермасы» және «Берекелі топырақтардың үстінде» атты шығармаларымен түрік әдебиетінің ең маңызды тұлғалары арасында аталған Орхан Кемал 66 жаста дүниеден озды.

 

 

1978 жыл

Армян террористтер Түркияның Мадридтегi Өкілетті елшісі Зеки Кунералпқа көлігінде қарулы шабуыл жасады. Шабуылда көліктегі Зеки Кунералптың жұбайы Неджла Кунералп пен бұрынғы өкілетті елші Бешир Балджыоғлу шәйіт болды.

 

 

2012 жыл

Мысырдың бұрынғы басшысы Хүснү Мүбәрәк өзіне қарсы көтерілген шерушілерді өлтірумен айыпталып, өмір бойы бас бостандығынан айыруға үкім берілді.


Этикеттер: #тарихта бүгін

Ұқсас жаңалықтар