Тарихта 15 сәуір

Тарихта бүгін

1397877
Тарихта 15 сәуір

1452 жыл… Ренесанс дәуірінің ең әйгілі өнер қайраткері және ғалымы болған Леонардо да Винчи Италияда өмірге келді. Ол туындыларымен сол дәуірге қолтаңба басты. 

1912 жыл… Құрылысы аяқталғанда әлемнің ең ірі жолаушы кемесі атағын алған Титаник бірінші рейсінде суға батты. Апатта 1513 адам қаза тапты. 

 

1931 жыл… Түркияның құрушысы және тұңғыш президенті Мұстафа Кемал Ататүріктің нұсқауымен Түрік Тарихи зерттеу қоғамы құрылды.  Қоғамның есімі төрт жылдан кейін Түрік Тарих мекемесі деп өзгертілді. 

    1998 жыл… Қызыл кхмерлердің лидері ретінде Камбоджада үш жыл премьер-министр болған Пол Пот қайтыс болды. Пол Поттың билігі барысында Қызыл кхмерлер шамамен 1 миллион  700 мың адам өлтіріп, үлкен қырғын жасады. 

 



Ұқсас жаңалықтар