Тарихта 24 наурыз

Тарихта бүгін.

1384127
Тарихта 24 наурыз

1603 жыл

Ұлыбритания мен Ирландия патшайымы Елизавета I-ші 70 жаста дүниеден озды. Патшайым Елизаветаның 45 жылдық билігі кезінде Ұлыбритания әлемдегі ең маңызды теңіз күші мен отаршыл елдердің біріне айналды.

 

1828 жыл

Ғылыми фантастикалық роман жанрының негізін қалаушы, француз жазушы Жюль Верн  77 жаста дүниеден озды. Жюль Верн жазған «Он бес жасар капитан» және «Әуе шарында өткен бес апта» романдары сол дәуірде дамып келе жатқан Еуропаның өнеркәсібі мен технологиясына шабыт берді.

 

1923 жыл

Түркия Республикасының негізін қалаушы және тұңғыш президенті Мұстафа Кемал Ататүрік фотосуреті әлемге әйгілі “TİME” журналының мұқабасында орын алды.

 

1999 жыл

НАТО Косовада қақтығыстар артқан соң Югославияға қарсы әуе операциясы бастады. Екінші Дүниежүзілік соғыстың артынан Еуропа құрлығында жасалған ең үлкен әуе шабуылы нәтижесінде Косованың Югославиядан бөлінуінің алды ашылды.

 

2016 жыл

Гаагадағы Халықаралық қылмыстық сот босниялық серб басшы Радован Караджичті «геноцид», «адамзатқа қарсы қылмыс жасау» және «соғыс ережелерін бұзу» айыбымен 40 жылға бас бостандығынан айырды. Кейін бұл үкім өмірлік бас бостандығынан айрылу үкіміне айналды.

 



Ұқсас жаңалықтар