Тарихта 24 ақпан

Тарихта бүгін.

1364890
Тарихта 24 ақпан

 

24 ақпан 1525

Франция мен Испания империясы армиясы арасында «Павия шайқасы» болды. Соғыста жеңілген Франция королі Франциск I қасиетті Рим империясының қолына түседі.  Ұлының қолға түскенін білген король Луис Кануни Сұлтан Сүлейманға хат жазып, көмек сұрайды. Канунидің осы талапты қабылдауымен Османлы армиясы мен Рим империясы армиясы 1526 жылы 29 тамызда Мохач шайқасында соғысты. Мохач шайқасы Османлының жеңісімен аяқталды. Қол қойылған бейбітшілік келісімімен король  Франциск еркін қоя берілді.

 

24 ақпан 1942

Фашисттерден қашқан Румыния еврейлерін тасымалдаған «Струна» атты паром  Қаратеңізде батырылды. 1960-шы жылдары Кеңес Одағы архивтерінде шыққан құжаттар «Струна» паромын  Кеңес Одағының бір сүңгуірінің батырғанын дәлелдеді. Оқиғада паромда болған 103-і бала 768 адам ажал құшты.

 

 

 

 

 

 

 

 

24 ақпан 1954

Дунай өзенінен Қаратеңізге және сол жерден Босфорға түскен мұз бөлшектері біртұтас ретінде барлық Босфорды жауып тастады. Теңіз жол қатынасына жабылды.

 

 

 

24 ақпан 1955

Түркия мен Ирак арасында Өзара ынтымақтастық (CENTO) келісімі жасалды. Одан кейін Ұлыбритания, Иран және Пәкістан да CENTO мүшесі болды.

 

 

 

24 ақпан 1991

АҚШ Бірінші Шығанақ соғысының құрлық операциясын бастады. Түннің ортасынан бастап Америка әскерлері Сауд Арабиясынан Ирак территориясына кірді.



Ұқсас жаңалықтар