Тарихта 19 ақпан

Тарихта бүгін

1360850
Тарихта 19 ақпан

 

1915 жыл... Бірінші Дүниежүзілік соғыстың Османлы мемлекеті үшін ең маңызды шайқасы Дарданель бұғазында басталды.  Чанаккале шайқасы үшін әскери жинақталуын аяқтаған Одақтас елдердің біріккен флоты бұғазды қорғауға міндетті зеңбірек артеллериясының бекінісін бомбалай бастады.

 

                     

 

1959 жыл... Түркия,  Грекия және Ұлыбритания арасында тәуелсіз Кипр Республикасын құратын Лондон келісіміне қол қойылды. Ұлыбритания,  Түркия және Грекия Кипр мемлекетінің кепілгер елдері болды.

                      

 

1986 жыл... Мир Ғарыш стансасының алғашқы модулы Кеңес Одағы тарапынан ғарышқа жолданды. Адам баласы жүйелі түрде өмір сүрген алғашқы ғарыш зерттеу стансасы болған Мирдің міндеті 2001 жылдың 23 наурызында аяқталды.

 

                       

1992 жыл... Түрікменстан Республикасының байрағы қабылданған осы күн елде Байрақ мерекесі ретінде атап өтіледі. 19 ақпан елдің тұңғыш президенті Сапармұрат Түрікменбашының да туған күні.

 

                   



Ұқсас жаңалықтар