Тарихта 12 ақпан

Тарихта бүгін

Тарихта 12 ақпан

1912 жыл... 6 жасар Қытай императоры Пу И тақтан құлатылды және елде республика жарияланды.  Осылайша 2 мың жылдық Қытай империясының ғұмыры бітті.

 

                                       1959 жыл... Цюрих конференциясында құрылуы жоспарланған Кипр Республикасы мен кепілгерлікке байланысты тақырыптарды талқылау мақсатымен 2-ші Лондон конференциясы жиналды.  Ұлыбритания премьер-министрі Гарольд Макмиллан ұйымдастырған конференцияға Түркия премьер-министрі Аднан Мендерес пен Грекия премьер-министрі Константин Караманлис, Др. Фазыл Күчүк және бас эпископ Макариос қатысты.

 

                                

 

1999 жыл... «Моника Левинский» тергеуінде жалған куәгер болу және әділетке кедергі болу айыптауларымен инпичмент процесі басталған АҚШ президенті Билл Клинтон Сенатта ақталып шықты.

 

                                      

 

 

 

2002 жыл... Югославияның бұрынғы басшысы Слабодан Милосевич адам баласына қарсы жасаған қылмыстары себебімен Гаагадағы Халықаралық Қылмыс сотында екі рет сот алдына шықты.  66 қылмыстық іс ашылған Милосевич сот процесі жалғасып жатқан кезде 2006 жылы түрмеде қайтыс болды.

                                 



Ұқсас жаңалықтар