Тарихта 11 ақпан

Тарихта бүгін.

Тарихта 11 ақпан

1990 жыл

Оңтүстік Африка нәсілшіл режиміне қарсы көтерілістің символына айналған Нельсон Манделаның Робен аралындағы Pollsmoor түрмесінде 27 жылдық бас бостандығынан айырылу жазасы аяқталды. Африка Ұлттық Конгресі басшысы Мандела 1994 жылғы сайлауда мемлекет басшысы болып сайланды және елде нәсілшілдік жойылды.

 

 

2006 жыл

Неміс археолог Шанлыурфа Гөбеклитепеде адамзат тарихының ең көне хабарлама жүйесі болып аталған және қазіргі жазудың жетілмеген түрі ретінде саналған алғашқы символдарды ашты. Гөбеклитепе-Шанлыурфаның 22 шақырым солтүстік шығысында Өренджик ауылы маңында орын алған әлемнің ең ескі өркениет кешені. 11 мың 600 жыл бұрын салынғаны анықталған Гөбеклитепе ЮНЕСКО Әлем мұра тізіміне енді.

 

 

2011 жыл

Мысырды 30 жыл бойы диктаторлықпен басқарған мемлекет басшысы Хүснү Мүбәрәк Каирдің Тахрир алаңында басталған және ел көлемінде тараған халық шерулері нәтижесінде мемлекет басшысы міндетінен отставкаға кетті.


Этикеттер: тарихта бүгін

Ұқсас жаңалықтар