Тарихта 7  ақпан

Тарихта бүгін

1354532
Тарихта 7  ақпан

 

1962 жыл... Америка Құрама Штаттары Кубамен арадағы барлық импорт және экспорт істерін тоқтатты.  Бір күннен кейін АҚШ азаматтарының Кубамен саяхат, қаржы және сауда мақсатты барлық байланыстарына тыйым салынды.

 

                         

 

1964 жыл... Ұлыбританияның таңдаулы группасы «The Beatles» алғашқы АҚШ гастроліне шықты. Нью-Йоркте олар тұрған қонақүйді полиция қызығушылық көп болғандықтан қоршауға алуға мәжбүр болды, группа мүшелері екі күн бойы сыртқа шыға алмады.

 

                    

 

2007 жыл... Баку-Тбилиси – Карс теміржолы магистралі жобасы жөніндегі келісімге үш елдің лауазым иелері Тбилисиде қол қойды.  Теміржол магистралі 2017 жылдың 30 қазан күні қызметке берілді.

 

 



Ұқсас жаңалықтар