Тарихта  27  қаңтар

Тарихта бүгін

1347782
Тарихта  27  қаңтар

 

1937 жылы 27 қаңтар күні Бірінші Дүниежүзілік соғысынан кейін Сирияның ішінде арнайы бір мәртебеге көтерілген Хатайға Біріккен Ұлттар Ұйымы тарапынан тәуелсіздік берілді. 1936 жылы Сирияның тәуелсіздігін мойындаған Францияға қарсы дипломатиялық қысымын арттырған Түркия Хатайға тәуелсіздік берілуін талап етті. Түркияның әскери күш қолдану ықтималының артуына орай жиналған Біріккен Ұлттар Ұйымы Хатайдың тәуелсіздігін мойындады. Сондай-ақ Францияның талабына сай өткізілген сайлауда Түркиямен бірлесуді жақтайтын партиялар жеңіп шықты. 1938 жылы 12 қыркүйекте құрылған Тәуелсіз Хатай Республикасы 1939 жылы 3 маусым күні Түркияға қосылу шешімін жасады. Осы шешіммен Түркияның оңтүстік шекарасы де белгіленді.

 

 

1958 жылы 27 қаңтарда Кипрде мыңдаған түрік аралдың түріктер және понтилер арасында екіге бөлінуі үшін ереуіл жасады. Ағылшын әскерлері шерушілерге қарсы күш қолданды. Шыққан оқиғада 8 түрік қаза тапты, ондаған адам жарақат алды.

 

 

 

 

 

1967 жылы 27 қаңтар күні NASA-ның Ай бағдарламасының алғашқысын құраған «Аполлон-1» ғарыш кемесі Кеннеди ғарыш орталығында сынақтан өткізілген кезде өртенді. Оқиғада ғарыш кемесі командирі Вирджил Грисъм (Gus Grissom), аға ұшқыш Ед Уайт (Edward Higgins White) және ұшқыш Роджър Чафи (Roger Chaffee) қаза тапты.

 

 

1973 жылы 27 қаңтарда Түркияның Лос-Анжелес Бас консулы Мехмет Байдар мен консул Бахадыр Демир армян террор ұйымы ASALA (АСАЛА) тарапынан өлтірілді. ASALA (АСАЛА) террор ұйымы тарапынан жүргізілген қастандықтың қылмыскері армян текті АҚШ азаматы Гурген Яникян қысқа мерзім ішінде ұсталды және өмір бойы түрмеге қамалды.

 

 



Ұқсас жаңалықтар