Тарихта 22 қаңтар
Тарихта бүгін
1517 жыл... Османлы империясы мен Мысыр және Сирияны басқарған Мәмлүк мемлекеті арасында Ридание соғысы болды. Соғыстан жеңіліп шыққан Мәмлүк сұлтаны шегініп, тойтарысын жалғастырса да, 4 ақпан күні падиша Явуз Сұлтан Селим Каирге кірді. Осы жеңістен кейін Мәмлүк елі қирап, Мысыр Османлы жеріне қосылды. Халифалық та османдықтарға өтті.
1666 жыл... Үндістанның атақты билеушісі Шах Джихан 74 жасында Аграда қайтыс болды. Әлемнің ең маңызды сәулет ғимараттарының бірі Тәж Махалды жұбайы Мүмтаз Махал үшін салғызған еді. Шах Джиханның денесі де Тәж Махалда жұбайының жанына жерленді.
1984 жыл... Компьютер технологиясында төңкеріс болған Apple Macintosh алғаш рет жарнамаланды. 1 минуттық жарнама теледидарда тек бір рет көрсетілді. Жұртшылық 24 қаңтар күні сатыла бастаған компьютердің қолмен басқарылатын «тышқанын» ұнатты.