Тарихта 13 қаңтар

Тарихта бүгін.

Тарихта 13 қаңтар

Тарихта 13 қаңтар

1920 жылы 13 қаңтар күні Измирдің Грекия армиясы тарапынан жаулап алынуына орай Стамбулда үлкен «Сұлтанахмет» атты митинг ұйымдастырылды. Митингке мөлшермен 150 мың адам қатысты. Басқыншылыққа қарсы ұйымдастырылған митингте  Мехмет Эмин Юрдакул, Хамдулах Супхи Танырөвер және Халиде Эдип Адывар сынды тұлғалардың  баяндамалары үлкен жаңғырық жаратты.

 

1966 жылы 13 қаңтарда АҚШ президенті  Линдон Джонсонның  1964 жылы сол кездегі Түркия премьер-министрі Исмет Инөнуге жіберген және Түркия мен АҚШ  қарым-қатынастарына үлкен соққы берген «Джонсон хаты» алғаш рет баспада жарияланды. 2 жыл бойы жасырылып келген хатта АҚШ президент Джонсон Түркияның Кипрге киліккен жағдайда, Америка қаруларын қолданбайтыны тілге тиек етілді. Хатта сонымен қатар Кеңес Одағы Түркияға әскери шабуыл жасаған жағдайда, НАТО келісімінің күшінен де қалатыны да  түсіндірілді. Исмет Инөнунің осы ескертуге жауабы «Әлем қайтадан құрылуда, Түркия да сол әлемде орнын алады» болды.

 

 

2012 жылы 13 қаңтар Солтүстік Кипр Түрік Республикасының құрушы президенті, Кипр күресінің лидері Рауф Денкташ 88 жасында дүниеден озды. Денкташтың сүйегі 17 қаңтар күні ұйымдастырылған рәсімнен кейін Республика паркіндегі ескерткіш қабірге  қойылды.

 



Ұқсас жаңалықтар