Тарихта 2 желтоқсан

Тарихта бүгін

Тарихта 2 желтоқсан

1804 жыл... Наполеон Бонапарт Парижде Папа қатысқан рәсімде императорлық тәжін тақты.

**

1873 жыл... Османлы империясының алғашқы биржасы деп есептелетін «Дерсаадет Тахвилат биржасы» қызметке берілді.

**

1888 жыл... 1872 жылы жазылған «Ватан яхут Силистре» атты еңбегімен танымал драматург, ақын-жазушы Намык Кемал 48 жасында қайтыс болды.

**

1920 жыл... Түркия үкіметі мен Армения арасында Гюмри келісіміне қол қойылды.  Түркия мәжілісінің халықаралық аренада қол қойған бірінші келісімі болып саналатын Гюмри келісімі күшіне енбеді,  алайда осы келісім іргетас болған Мәскеу және Карс келісімдері арқылы Түркияның шығыстағы шекарасы белгіленді.

**

1942 жыл... АҚШ ғалымдары бірінші бақылау астында атомдық реакцияны жүзеге асырды. Бұл атом бомбасының негізін қалыптастырды.

**

1956 жыл... Фидель Кастро «Гранма»  яхтасымен Кубаға барды.  Бес жылдан кейін сол күні Кастро өзін Кубаны коммунизмге жеткізетін лидер деп жариялады.

**

1982 жыл... Др. Роберт Йарвик тарапынан жетілдірілген алғашқы жасанды жүрек Барни Кларк атты науқасқа салынды.  Кларк отадан кейін 112 күн өмір сүрді.

**

1993 жыл... Өмірі фильмдерге арқау болған колумбиялық есірткі саудагері Пабло Эскобар қақтығыста өлтірілді.



Ұқсас жаңалықтар