Тарихта 1 желтоқсан

Тарихта бүгін.

Тарихта 1 желтоқсан

1402 жыл

Анкара соғысында Османлы армиясын жеңген Әмір Темір 57 жылдан бері Родос сарбаздарының бақылауындағы Измирді қоршап алды. Қоршау өз қалауынша аяқталмаған соң Темір Анадолы топырағынан шегінуге шешім қабылдады.

1906 жыл

Әлемнің алғашқы кинотеатры Парижде ашылды.

1913 жыл

Форд мотор өнеркәсібі фирмасы автокөлік өндірісінде төңкеріс жасайтын алғашқы жылжымалы монтаж фабрикасын іске қосты.

1925 жыл

Бірінші дүниежүзілік соғыстың артынан құрылған саяси шекаралардың өзгертілмеуі үшін Франция, Германия, Ұлыбритания, Италия, Польша, Бельгия және Чехословакия арасында Локарно дипломатиялық келісіміне қол қойылды.

1931 жыл

Мухсин Эртуғрул түсірген «Стамбул көшелерінде» атты алғашқы дыбысталған түрік фильмі көрсетілімге кірді. Фильм бірдей әйелге ғашық болған бауырлардың хикаясын тақырып қылады.

1935 жыл

АҚШ-тық актер және режиссер Вуди Аллен Нью-Йоркта дүниеге келді.

1964 жыл

Түркияны Еуропалық экономикалық қоғамдастыққа ортақ мүше ретінде қабылдайтын Анкара келісімі күшіне енді. Келісім Кеден Одағы және Түркияның толық мүше ретінде Еуропалық экономикалық қоғамдастыққа қосылуын қамтиды. 

1981 жыл

Югославия Әуе жолдарына тиесілі жолаушы ұшағы Корсика аралында құлады. Апатта 178 адам қаза тапты.

1987 жыл

Әлем Денсаулық ұйымы Бүкіләлемдік СПИД-ке қарсы күрес күнін жариялады.

1990 жыл

Ле-Манш туннелінің Ұлыбритания және Францияда басталған бөлімдері теңіздің 40 метр тереңдігінде бірікті.

2000 жыл

Чилидің бұрынғы диктаторы Аугусто Пиночеттің қастандық және адам алып қашу қылмыстарынан тұтқындалуына шешім қабылданды.



Ұқсас жаңалықтар