Тарихта 29 қараша

Тарихта бүгін

Тарихта 29 қараша

1864 жыл... АҚШ тарихындағы ең ірі үндіс қырғыны болды. АҚШ армиясы қарусыз үндіс ауылына шабуылдап, 500 адамды қырды.

**

1937 жыл... Хатай қаласының тәуелсіздігі үшін алғашқы қадам басылды. Автономдық әкімшілік билікке келді.

**

1947 жыл... БҰҰ арабтардың наразылығына қарамастан,  Палестинаның бөлінуі және тәуелсіз Израиль мемлекетінің құрылуына шешім берді.  Осы шешім бүгінге дейін жалғасқан қақтығыстардың басталуына жол ашты.

**

1963 жыл... АҚШ президенті Джонсон Кеннеди қастандығын тексеру мақсатымен «Уаррен комиссиясын» құрды.

**

1981 жыл... Үш рет Оскар сыйлығына кандидат болған актриса Натали Вуд теңіз апатында қайтыс болды. Көпке созылған тергеуден кейін жұбайы Роберт Уагнердің «күдікті кісі» екені жарияланды.

**

2012 жыл... Палестина мемлекеті БҰҰ-ға «бақылаушы мүше» ретінде қабылданды.

**

2016 жыл... Бразилияның футбол командасы «Шапекоэнсені» Колумбиядағы Оңтүстік Америка кубогының ақтық сайысына апара жатқан ұшақ құлады. Ұшақтағы 81 кісінің 76-сы қаза тапты.  Апаттан тек үш футболшы аман қалды.


Этикеттер: Оскар , Бразилия , Хатай , АҚШ

Ұқсас жаңалықтар