Тарихта 8 қараша

Тарихта бүгін

Тарихта 8 қараша

1520 жыл... Дания королі ІІ Кристианның бұйрығымен Швеция асылтектілеріне қарсы «Стокгольм қырғыны» жасалды.  Қырғын нәтижесінде Дания мен Швеция арасында соғыс шықты.

**

1793 жыл... Парижде әйгілі Лувр мұражайы ашылды.  Лувр 13-ғасырдың басында бір қамал ретінде салынған болатын.

**

1923 жыл...Германияда Адольф Гитлер мен жақтастары уәлаят әкімшілігін төңкеруге тырысты.  Неміс саяси тарихында «Сырахана төңкерісі» деген есіммен жазылған әрекет нәтижесінде Гитлер мен достары ұсталды. Гитлер артынан «Менің күресім» атты кітабын түрмеде жазды. Гитлер басшылығындағы фашистер 9 жылдан кейін сол күні Германия парламентіне сайланды.

**

1988 жыл... Қытайдың оңтүстік батысында 7,2 балдық жер сілкінісі болды.  Жер сілкінісінде 730 адам қаза тауып, 400 мың үйге зақым тиді.

**

1992 жыл... Берлинде нәсілшіл әрекеттерге қарсы ел тарихындағы ең ірі шеру ұйымдастырылды. Шеруге шамамен 350 мың адам қатысты.

**

2000 жыл... Түркияның Еуроодаққа мүшелігі үшін жол картасы ресми түрде жарияланды.

**

2000 жыл... АҚШ-та Ал Гор мен Буш арасындағы президенттік сайлауда дауыстар тең болып, елде саяси дағдарыс туындады. Тақырыпты АҚШ Жоғары соты қарады.  Нәтижеде Джордж Буш жеңіп шықты.



Ұқсас жаңалықтар