Тарихта 7 қараша

Тарихта бүгін.

Тарихта 7 қараша

1665 жыл

354 жылдан бері жарияланатын «The London Gazette» басылымының алғашқы саны жарық көрді..

1867 жыл

Радий элементін ашқан, 2 рет Нобель сыйлығын алған Мария Кюри Польшада дүниеге келді.

1913 жыл

«Оба», «Көтерілген адам», «Бақытты өлім» сияқты шығармалардың авторы Нобель сыйлығының иегері француз роман жазушысы Альбер Камю Алжирде дүниеге келді.

1917 жыл

Ресейде ақпан айында орыс патшалығының ыдырауының артынан Ленин басшылық жасаған Большевиктер Петроградты бақылауға алды және тарихта «Қазан төңкерісі» деп аталған кезең басталды.

1918 жыл

Тұмау індеті Тынық мұхиттағы Батыс Самоа аралында жаппай өлімдерге жол ашты. Жылдың соңына дейін адам санының 20 пайызын құрайтын 7 мың 500-ден астам адам опат болды.

1921 жыл

Италияда Бенито Муссолини басшылығында Ұлттық Фашистік партия құрылды.

1982 жыл

12 қыркүйек әкімшілігі тарапынан дайындалған Атазаң үшін Түркияда жалпыхалықтық референдум өткізілді. Референдум нәтижесінде жаңа атазаң  91.37 пайыз «қабыл» дауысымен қабылданды. 12 қыркүйектің артынан әскери төңкеріс әкімшілігі басшысы Кенан Эврен президент болып сайланды.

1996 жыл

Нигерия Әуе жолдарына тиесілі жолаушы ұшағы Лагос маңында құлады: 143 адам қаза тапты.



Ұқсас жаңалықтар