Тарихта 6 қараша

Тарихта бүгін

Тарихта 6 қараша

1494 жыл... Әлемге «ғажайып» деген атпен танылған Кануни Сұлтан Сүлейман Трабзонда өмірге келді.  Кануни Сұлтан Сүлейман әкесі Явуз Сұлтан Селимнен кейін Османлы империясының оныншы падишасы ретінде таққа отырды. 46 жыл ел басқарды. Оның билігі кезінде империя ең ауқымды территориясына қол жеткізді.

**

1860 жыл... Авраам Линкольн АҚШ-тың 16-шы президенті ретінде сайланды. Ол - Америка Азаматтық соғысында құлдықты қолдаған оңтүстік штаттарына қарсы жеңіске жетіп, елдің бірлігін сақтаған лидер.  АҚШ-та құлдыққа Линкольн билігі кезінде тыйым салынды.

**

1893 жыл... Әлемге әйгілі болған шығармалар жазған орыс сазгер Чайковский 53 жасында Петербург қаласында қайтыс болды.

**

1944 жыл... АҚШ Ганфорд ядролық базасында бірінші рет плутоний өндірді. Осы плутоний Жапонияның Нагасаки қаласына лақтырылған атом бомбасын жасауда қолданылды.

**

1983 жыл... Түркияда  12 қыркүйек әскери төңкерісінен кейін бірінші рет сайлау өткізілді. 3 партия бақ сынаған сайлауда Тургут Өзал басшылығындағы Анаватан партиясы жалғыз өзі үкімет құратын көпшілік даусын жинады. Осы партиядан 211 депутат сайланды. Халықшыл партия 117, Ұлтшыл Демократия партиясы 71  депутат шығарды.

**

1985 жыл... Колумбияда үкіметке қарсы қарулы сарбаздар Баготодағы Әділет сарайына басып кірді. Қауіпсіздік күштері мен сарбаздар арасындағы қақтығыста 115 адам қаза тапты. Олардың 11-і сот төрешілері болатын.

**

1988 жыл... PKK террористтері Мардиннің Даргечит ауданында бір ауылға басып кірді. 4 адам шейіт болды.  Олардың үшеуі мұғалім еді.



Ұқсас жаңалықтар