Тарихта 5 қараша

Тарихта бүгін.

1300037
Тарихта 5 қараша

1605 жыл

Ұлыбритания королі І Джеймс пен протестант ақсүйектерге қастандық туралы католик ағылшындардың жоспары ортаға шықты. Қанішер Гуй Фавкес «Westminster» сарайындағы парламент ғимаратын бомбамен жарып жібермей тұрғанда ұсталды. Осы оқиға ағылшын саяси тарихында «Порох қастандығы» деп аталды.

1914 жыл

Ұлыбритания мен Франция Ресейдің артынан Османлы мемлекетіне де соғыс жариялады. Ұлыбритания сондай-ақ 1878 жылдан бері басқарған Кипрді аннекциялағанын жариялады.

1922 жыл

Исмет Паша басшылығындағы ТҰҰМ делегациясы Лозанна Бейбітшілік конференциясына қатысу үшін Швейцарияға аттанды.

1986 жыл

1941 жылы шыққан өрттен тарихи ғимараттары күйген Стамбул Фенер понти православ патриархтығын қайта салуға рұқсат берілді.

1991 жыл

Филиппиндерде болған сел апатында шамамен 7 мың адам опат болды.

2006 жыл

Екінші Шығанақ соғысының артынан қашқан және Тикрит маңында ұсталған Ирактың төңкерілген басшысы Саддам Хусейинге сот дарға асу жазасы берді. 1982 жылы Дужейл қаласында 142 шиіт ирактықты өлтіруге бұйрық берумен айыпталған Саддам Хусейин 30 желтоқсан күні дарға асылды.

2006 жыл

1974 жыл Кипр Бейбітшілік операциясымен бүкіл әлемге даңқы шыққан премьер-министр Бүлент Эджевит Гүлхане Әскери Медициналық Академиясында дүниеден озды.

 



Ұқсас жаңалықтар