Тарихта  2 қараша

Тарихта бүгін

1298687
Тарихта  2 қараша

 

 

 

1914 жылы 2 қараша күні Османлы теңіз күштерінің Сивастопольды бомбалауына орай Патшалық Ресей империясы Османлы Империясына соғыс жариялады. Османлы империясы да Германия және Австрия-Венгрия империяларымен бірге одақтас ретінде Бірінші Дүниежүзілік соғысына кірді.

***

1917 жылы 2 қарашада Палестинадағы елді мекендерді еврейлерге беруді мақұл көрген Бальфур декларациясы Лондонда жарияланды.

***

1920 жылы 2 қараша күні алғашқы радио тікелей эфирі Америка Құрама Штаттарының Питтсбург қаласында берілді.

***

1936 жылы 2 қарашада Ұлыбританияда BBC жүйелі түрде теледидар таралымын бастады.

***

1950 жылы 2 қараша күні Нобель лауреаты және сыншы Джордж Бернард Шоу  94 жасында дүниеден озды.

***

2000 жылы  2 қарашада 15 жыл бойынша Әлем чемпионы атағын қорғаған Гарри Каспаров  Әлем шахмат чемпионатында жерлесі Владимир Крамниктен жеңілді.

 

 



Ұқсас жаңалықтар