Тарихта  5 қазан

Тарихта бүгін

1281524
Тарихта  5 қазан

 

 

 

1864 жылы 5 қазан күні Үндістанның Калкута қаласындағы қатты дауыл 60 адамның қаза табуына себеп болды.

***

1908 жылы 5 қазанда Болгария Османлы империясынан бөлініп, тәуелсіздігін жариялады. Дәл сол күні Австрия-Венгрия империясы Босния-Герцоговинаны бағындырғанын  мәлімдеді.

***

1915 жылы 5 қазан күні Болгария Одақтас елдердің жанында орын алып,  Бірінші Дүниежүзілік соғысына кірді.

***

1930 жылы 5 қазанда әлемнің ең үлкен дирижаблі Р. 101 Францияда құлады. Апатта 48 адам қаза тапты.

            ***

1948 жылы 5 қазан күні Түрікменстанның Ашғабат қаласындағы зілзалада 110 адам көз жұмды.

***

1958 жылы 5 қазанда Францияда 5-ші Республика жарияланды. Шарль де Голль президент болып сайланды.

***

1970 жылы 5 қазан күні Энвер Седат Мысыр президенті болды. Седат 11 жылдан кейін дәл сол күні бір террор шабуылында өлтірілді. Қастандықты Мұсылман бауырластар ұйымы мойнына алды.

***

1979 жылы 5 қазанда Ясир Арафат Түркияға келді. Анкарада Палестина Ұлттық Әкімшілігінің ресми өкілдігі ашылды.

***

1988 жылы 5 қазан күні Чилиде диктатор Пиночет президенттік референдумда жеңіліске ұшырады.

***

2000 жылы 5 қазанда Белградта жаппай ереуілдер нәтижесінде Слободан Милошевич Сербия президенттігінен отставкаға кетуге мәжбүр болды.

***

2011жылы  5 қазан күні америкалық әйгілі іскер және өнер тапқыш Стив Джобс дүниеден озды.

 

.

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар