Тарихта 11 қыркүйек

Тарихта бүгін

Тарихта 11 қыркүйек

 

1855 жыл... Қырым соғысында ағылшын-француз және Османлы күштері Севастопольді алды.

**

1941 жыл... Ван көлі және төңірегіндегі жер сілкінісінде 194 адам қаза тапты, 36 ауыл толығымен жойылып кетті.

**

1948 жыл... Пәкістанның құрушы президенті Мұхаммед Әли Джиннах 72 жасында Карачиде дүние салды.

**

1973 жыл... Чили мемлекет басшысы Сальвадор Альендені Пиночет басшылығындағы армия төңкерді. Төңкеріс барысында Альенде өлтірілді.

**

2001 жыл... АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында «Егіз мұнара» деп аталған Әлем Сауда орталығы мен Пентагонға жолаушы ұшақтарымен лаңкестік жасалды.  Әл Кайда ұйымы тарапынан ұйымдастырылған шабуылдар нәтижесінде 2976 адам қаза тапты, 6300 адам жарақат алды.  Тарихта «11 қыркүйек лаңкестіктері» деген атпен жазылған оқиғадан кейін АҚШ әкімшілігі Ауғанстан мен Ирактың басқыншылығымен аяқталатын үрдісті бастады.

**

2015 жыл... Сұрапыл дауыл салдарынан Меккеде Харам мешітіндегі бір кран қажылардың үстіне құлады.  107 қажы қаза тапты.  Олардың екеуі түрік азаматы болатын.  238 адам жараланды.

 



Ұқсас жаңалықтар