Тарихта 10 қыркүйек

Тарихта бүгін.

Тарихта 10 қыркүйек

1509 жыл

Тарихта «Кішкентай ақырзаман» деп аталған және 45 күн жалғасқан жер сілкінісі дауылы нәтижесінде Стамбул мен айналасында мыңдаған үй қирады, 10 мыңнан астам адам қаза тапты.

1919 жыл

Бірінші Дүниежүзілік соғыстың артынан Австрия-Венгрия патшалығының ыдырауын қамтамасыз ететін Санкт-Герман келісіміне қол қойылды.

1942 жыл

Ұлыбритания әуе күштері Германияның Дюссельдорф қаласына 100 мың бомба тастады, қала толығымен қирады.

1943 жыл

Неміс әскерлері одақтас күштерге берілгенін жариялаған Италияның Рим қаласына басып кірді.

1970 жыл

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі (ТҰҰМ) Америка Құрама Штаттарының Түркияда көкнәр өсіруге тыйым салу ұсынысын кері қайтарды.

1987 жыл

Венгрияның шекараны ашуымен мыңдаған Шығыс Германия Демократиялық Республикасы азаматы елін тастап кете бастады.

2007 жыл

Айдаудан қайтқан Пәкістанның бұрынғы премьер-министрі Наваз Шариф қайтадан сүргінге жіберілді.

2008 жыл

Иранның Бендер Аббас қаласында 7,5 балл күшінде жер сілкінісі тіркелді.



Ұқсас жаңалықтар