Тарихта 30 тамыз

Тарихта бүгін

1259805
Тарихта 30 тамыз

 

1922 жыл.... Мұстафа Кемал Паша басқарған Думлупынар шайқасы түрік армиясының жеңісімен аяқталды.  Грек армиясы бас қолбасшысы Трикопис пен орынбасарлары тұтқынға түсті.

**

1941 жыл... Екінші дүниежүзілік соғысында неміс армиясы 900 күнге жалғасатын Ленинград қоршауын бастады.

**

1955 жыл... Лондон конференциясында Кипр проблемасы қаралды.  Ұлыбритания Кипрда үштік басқару әдісін ұсынды.  Грекия арал халқының тағдырын өзі анықтағысы келді.  Фатих Рүштү Зорлу басшылығындағы түрік делегациясы Кипрдің бұрынғы иесі- Түркияға қайтарылуын талап етті.

**

1981 жыл... Иран мемлекет басшысы Мұхаммед Али Реджаи мен премьер-министр Мұхаммед Джевад Бахомар бомбалы шабуылда қаза тапты.

**

1988 жыл... Ирак армиясынан қашып, Түркия шекарасына жиналған мыңдаған Ирактық күрд үкіметтің рұқсатымен Түркияға кірді.

**

1992 жыл... Түрік қауіпсіздік күштері мен Ираннан Түркияға кірген террористтер арасында қақтығыс шықты.  100 террорист өлтірілді.

**

1995 жыл... НАТО Маркале қырғынынан кейін босниялық сербтерге қарсы әуеден операция бастады. «Табанды күш» операциясы Екінші дүниежүзілік соғыстан бері Еуропадағы ең ауыр бомбалау болды.



Ұқсас жаңалықтар