Тарихта  29 тамыз

Тарихта бүгін

1259763
Тарихта  29 тамыз

 

 

 

1526 жылы 29 тамыз күні Кануни Сұлтан Сүлейман Венгрия армиясын Мобачта жеңді. Соғыста Венгрия королы II. Лайош өлді.

 

1756 жылы 29 тамызда Прусия  королі ІІ Фридрих Саксонияға басып кіруімен жеті жылдық соғыс басталды.

 

1842 жылы 29 тамыз күні Ұлыбритания мен Қытай арасында 3 жыл жалғасқан «Апиын соғысы» Қытайдың жеңілісімен аяқталды.

 

1855 жылы 29 тамызда Османлы империясында алғаш телеграф  арқылы мағлұмат алысты. Шумну қаласынан Стамбулға жіберілген және Қырым соғысы жайлы мағлұмат берген телеграммада «Одақтас әскерлері Сивастопольға кірді» жеп жазылған.

 

1907 жылы 29 тамыз күні Канададағы Квебек көпірі опырылып кетті. Апатта 75  жұмысшы қаза тапты.

 

1915 жылы 29 тамызда «Казабланка» фильмімен әлемге даңқы шыққан швециялық  актриса  Ингрид Бергман Швецияда дүниеге келді.

 

1966 жылы 29 тамыз күні мысырлық жазушы және Мұсылман бауырластар қозғалысының лидері Сеид Кутуб дарға асып өлтірілді.

 

1996 жылы 29 тамызда  Внуково Әуе жолдарына тиесілі  жолаушы ұшағы Шпицберген аралында құлады. Ұшақ апатында 141 адам көз жұмды.

 

2005 жылы 29 тамыз күні «Катрина» дауылы АҚШ-тың оңтүстік провинцияларында ойран салды. Дауыл 1836 адамның қаза табуына және 115 миллиард долларлық шығынға себеп болды.

 

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар