Тарихта 18 тамыз

Тарихта бүгін.

1250237
Тарихта 18 тамыз

1227 жыл

Тарихтағы ең үлкен империялардың бірін құрған Шыңғыс Хан дүниеден озды. 1227 жылы шыққан бір әскери жорықта науқастанған Шыңғыс Ханның мазарының қайда екені белгісіз.

1791 жыл

Османлы-орыс соғысын тоқтатқан Калас келісіміне қол қойылды.

1850 жыл

«Алқаптың лалагүлі» және «Горио атай» сияқты классикалық шығармалардың авторы Оноре де Бальзак Парижде дүниеден озды.

1917 жыл

Үлкен Салоники өрті шықты. 32 сағатқа жалғасқан өртте қаланың 30 пайызынан көп үй өртенді, 70 мың адам баспанасыз қалды.

1932 жыл

Сұлулық байқауына түскен түріктің қызы Кериман Халис «Әлем аруы» атанды.

1971 жыл

Австралия мен Жаңа Зеландия Вьетнам соғысынан әскерлерін шегуге шешім қабылдады.

1998 жыл

Ресейдегі экономикалық дағдарыс әлемді дүр сілкіндірді. Ресей барлық сыртқы қарыздарын төлеуді тоқтатты.

1998 жыл

Үлкен сот алқасына түсініктеме берген АҚШ президенті Билл Клинтон Ақ Үй стажері Моника Левинскиймен махаббатын мойындады.

2018 жыл

Кипр Бейбітшілік жүлдесі иегері БҰҰ Бас хатшысы Кофи Аннан Швейцарияда дүниеден озды.


Этикеттер: #тарихта бүгін

Ұқсас жаңалықтар