Тарихта 13 мамыр

Тарихта 13  мамыр  күндері не болған екен?

1199985
Тарихта 13 мамыр

1277 жылы 13 мамыр күні Караманоғлұ Мехмет Бей Кония қаласын Караманоғлұлдары территориясына қосты және түрік тілін ресми тіл деп жариялады.

***

1846 жылы 13 мамырда АҚШ Конгресі шекараларға шабуыл жасалды деген сылтаумен Мексикаға соғыс жариялады.

***

1920 жылы 13 мамыр күні Эдирне Конгресі аяқталды. Бірінші Дүниежүзілік соғысы аяғында Одақтас елдердің Шығыс Фракияны гректерге беру шешіміне орай жиналған Эдирне Конгресінде Фракияның ешқандай шартта гректерге берілмейтіні жөнінде шешім жасалды.

***

1981 жылы 13 мамырда Папа II.Иоанн Павелді Мехмет Али Агжа Римде атып, жарақаттады.

***

2014 жылы 13 мамыр күні Сома апаты болды. Сол күні  Маниса провинциясының Сома қаласындағы көмір шахтасында болған жарылыс өртке ұласып, апат салдарынан шахтадағы 780-нен астам адамның 301-і қаза тапқан және 80-ні жарақат алған. Түркия, Пәкістан және Солтүстік Кипр Түрік Республикасында ұлттық аза жарияланды.



Ұқсас жаңалықтар