Тарихта 21 наурыз

Тарихта бүгін.

1167418
Тарихта 21 наурыз

1590 жыл 21 наурыз

Османлы мемлекеті мен Сафеви мемлекеті (бүгінгі Иран) арасында Фархат Паша келісіміне қол қойылды. Осы келісім арқылы 12 жылға созылған соғыс аяқталып, Османлы мемлекеті шығыста ең кең шекараларға ие болды.

1779 жыл 21 наурыз

Османлы мемлекеті мен Ресей арасында Айналыкавак келісіміне қол қойылды.

1788 жыл 21 наурыз

АҚШ-тың Луизиана штатының Нью-Орлеан қаласы өрт апатында тұтас өртенді.

1935 жыл 21 наурыз

Шах Рыза Пехлеви халықаралық қоғамға үн қатып, елінің Персия (Persia) емес, «Аряндар мемлекеті» деген мағынадағы Иран ретінде аталуын талап етті. Елдің аты б.з.б. 6-ғасырдан 1935 жылға дейін Парсы империясы, Аджемстан сияқты аттармен аталатын.

1963 жыл 21 наурыз

Алкадраз түрмесі жабылды. Алкадраз аралы 1861-1963 жылдары арасында түрме ретінде қолданылған бір арал болып табылады.

1973 жыл 21 наурыз

Танымал түрік ақыны Ашык Вейсел дүниеден озды.

2009 жыл 21 наурыз

TRT-нің Таяу Шығыстан Балканға дейін созылған жағрапияда өмір сүрген Түркі әлеміне бағыттап халықаралық мәдениет пен жаңалықтарды эфирден таратқан теле арна «TRT Әуез» трансляцияға қосылды.


Этикеттер: #тарихта бүгін

Ұқсас жаңалықтар