Тарихта 17 наурыз

Тарихта бүгін.

1164924
Тарихта 17 наурыз

1816 жыл 17 наурыз ...

Капитан Пьер Андриэль басшылығында«Элиз» атты 38 тонналық кеме Ла-Манш теңізінен өткен алғашқы пароход болды.

1891 жыл 17 наурыз ...

Ахмед Ихсан Токсөз тарапынан 1891 жылы 17 наурыз күні «Сервет-и Фюнун» (Servet-i Fünun) журналы құрылды. Түрік әдебиеті тарихында аса маңызды болып қабылданған журнал танымал ақын-жазушылар жазған батыс әдебиеті ықпалды жазба ағымының көшбасшысы болды.

1901 жыл 17 наурыз ...

Ван Гог салған суреттер Парижде «Bernheim-Jeune» галереясына қойылды. 1890 жылы өзіне қол жұмсаған суретші көзі тірісінде тек қана 1 сурет сатқан болатын.

1941 жыл 17 наурыз ...

Неміс капитаны Отто Вильгелм Август Кречмердің сүңгуір қайығы 1941 жылы 17 наурыз күні батырылып, өзі ұсталды. Кречмер сол күнге дейін 47 соғыс кемесін суға батырған. Жалпы 274.333 тонналық рекордымен соғыстың ең ауыр тоннажды кеме батырған капитаны атағын алған.

1948 жыл 17 наурыз ...

Бельгия, Франция, Голландия, Ұлыбритания және Люксембург арасында 1948 жылы 17 наурыз күні 50 жылға Брюссель келісіміне қол қойылды және Батыс Еуропа одағы құрылды.

1954 жыл 17 наурыз ...

Іріктеуде жеребе арқылы Испанияны жеңген Түркия құрамасы футболдан алғаш рет FIFA Әлем кубогына қатысуға мүмкіндік тапты. Алайда Швейцарияда болып өткен 5-ші Әлем кубогында турнирден өте алмалды.



Ұқсас жаңалықтар