Тарихта 13 наурыз

Тарихта бүгін

1161739
Тарихта 13 наурыз

 

13 наурыз 624 жыл... Меккеліктер мұсылмандарды көшке күштеп, көштен кейін артта қалған мал-мүліктерін таран-таражға салды.  Сол себептен мұсылмандар мен меккеліктер арасында Бедір шайқасы болды.  Шайқаста мұсылмандар жеңіске жетті.

**

Неміс текті астроном Уильям Гершель 1781 жылдың 13 наурыз күні Күн жүйесінің жетінші ғаламшары Уранды ашты.

**

13 наурыз 1840 жыл... Османлы империясында руми күнтізбесі қолданыла басталды. 1870 жылға дейін әрі хиджри күнтізбе,  әрі руми күнтізбесі бірге қолданылды.

**

13 наурыз 1996 жылы Шотландияның Данблан ауданындағы бір бастауыш мектепке басып кірген қарулы кісі 3 минуттың ішінде мұғалім мен 5-6 жасар 16 баланы өлтірді.  Шабуылдаушы артынан өзін өзі өлтірді.

**

2013 жылдың 13 наурыз күні аргентиналық кардинал Хорге Марио Бергольо католик әлемінің 266-шы Папасы болып сайланды. Бергольо мың жылдан бері Еуропа тысынан сайланған және Латын Америкалық тұңғыш Папа атанды.

**

73 сантиметрлік бойымен әлемдегі жүре алатын ең қысқа азамат ретінде Гиннесс Рекордтар кітабына енген Хэ Пинпин 2010 жылдың 13 наурыз күні дүние салды.



Ұқсас жаңалықтар