Тарихта бүгін 18 ақпан

Бүгін 18 ақпан. Тарихта 18 ақпан  күндері не болған екен?

Тарихта бүгін 18 ақпан

 

1294  жылы 18 ақпанда Моңғол Императоры Құбылай хан қайтыс болды. 1271 жылы Қытайда Юан Қағандығын құрып, 23 жыл бойынша үкім сүрген Құбылай хан Сонг Қағандығын құлатып, барлық Қытай елін бірлестіреді. Қытайда алғаш рет қағаз ақша қолданылуы да Құбылай хан дәуірінде басталды. Құбылай дәуірінде Қытайға көптеген Еуропалықтар келді. Бұлардың ішінде әйгілі  итальяндық  жиһанкез Марко Поло да бар.

***

1451 жылы Фатих Сұлтан Мехмет екінші рет таққа шығады. 1444 жылы II. Мұрат тағын ұлы Мехметке тапсырып береді. Мехмет 12 жасында таққа шығады. Бұл жағдайға Чандарлы Халил Паша және кейбір мемлекет қайраткерлері наразылық көрсеткенімен II. Мұрат қабылдамады. Венгрияның бұдан бұрын жасалған келісімді бұзуы және соғыстың басталуына орай Фатих кейбір мемлекет қайраткерлері мен әкесі II. Мұратқа екі хат жібереді. Бұл хаттың екіншісіне әкесіне былай жазады: «Падиша болсаңыз келіңіз, армиямызға қолбасшы болыңыз. Егер падиша біз болсақ, онда бұйрығымызға бойсұнып, армиямыздың қолбасшысы болыңыз».

Осы хаттарға орай II. Мұрат қайтадан Османлы тағына шығады. Одан кейін әкесінің қайтыс болуына орай Фатих Сұлтан Мехмет 7 жылдан кейін екінші рет таққа отырады.

***

1695 жылы ақпанда Хиос Аралы Венеция биліктерінің қолынан алынады. Османлы мемлекеті 1683 жылы бастаған Қасиетті одақтас соғыстарында Хиос Аралын Венециялықтардың қолынан алынады.

1856 жылы 18 ақпан күні Османлы мемлекетінде реформа бұйрығы жарияланады. Сұлтан Абдүлмежит дәуірінде жарияланған реформа бұйрығымен ыдырай бастаған Османлы мемлекетінде түбегейлі өзгерістің жасалуын мақсат еткен болатын.

***

1952 жылы 18 ақпанда Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі Түркияның НАТО мүшелігін бекітті. Түркияның Корея соғысына қатысуы және Ресейдің ұстанған қатал саясаттары АҚШ-ты Жерорта теңізінің қауіпсіздігі үшін Түркиямен бірге Грекияны да НАТО-ға алуға итермеледі.



Ұқсас жаңалықтар