Тарихта 17 ақпан
Тарихта бүгін.

1926 жыл 17 ақпан ...
Түрік азаматтық кодексі қабылданды. Османлы кезінде күшінде болған Исламдық заң ережелерін қамтитын “Межелле” атты заңдардың орнын алған Азаматтық Кодекс ұзақ іздестіру барысында Швейцариядан алынды. Швейцария азаматтық кодексін алудың ең басты себебі Еуропада соңғы дайындалған заң болуы, демократияға негізделуі және еркек пен әйел теңдігіне сүйенуі. Әлі жаңадан құрылған Жас Түркия Республикасында қабылданған осы азаматтық кодекспен заңды неке және бір зайыптылық бекітілді. Мұра тақырыбында реттеулер жасалды, патриархтар мен консулдықтардың соттау жауапкершілігі жойылды, елде заң бірлігі қамтамасыз етілді.
* * *
1933жыл 17 ақпан ...
Қырғыз ақын және композитор Тоқтогул Сатылганов дүниеден озды. 13 жаста өлең жаза бастаған Сатылганов ақыл-кеңес жанрымен суырып салма ақын және композитор болып табылады. Қырғыз мәдениетіне сіңірген еңбегі үшін Қырғыз мемлекеттік филармониясына, әртүрлі мекемелерге және мектептерге аты берілді. Өнер мен әдебиет саласында атымен аталған Қырғыз Мемлекеттік Сыйлығы табыс етіледі.
* * *
1936 жыл 17 ақпан ...
Лее Фальктың кейіпкері Фантом (Қызыл маска) 1936 жылы 17 ақпанда АҚШ-та бір газетте жариялана бастады. Комик журналдар әлемінің ‘алғашқы арнайы киімді’ қаһарман кейіпкері ретінде Фантом алғашқы кездері ақ пен қара түсті болып баспадан шықты. Кейін кейбір елдерде күлгін түсті костюмымен жарық көрсе де, ақыры бүкіл әлемде қызыл киімімен танылды. Фантом кейіпкері 400 жыл бұрын кемесі теңізде қарақшылардың шабуылына ұшыраған, жалғыз өзі құрлыққа жүзіп құтылған, пигмелер тарапынан емделген соң қалған өмірін қарақшылық, қатыгездік және зұлымдықпен күреске арнаған жас бір адамның аңызын тақырып қылады.
* * *
1959жыл 17 ақпан ...
Түркия Республикасының бұрынғы премьер-министрі Аднан Мендерес пен қасындағы делегация Лондонға ұшу үшін мінген ұшақ Gatwick әуежайының маңында құлады. Кипр келіссөздері жиналысына қатысу үшін Лондонға барған делегация мінген ұшақ тұман себепті жедел қонуға мәжбүр болды. Бірақ әуежайға ұласуға мүмкіндік таппаған ұшақ орман алаңына құлады. Апатта премьер-министр Аднан Мендерес құтылса да, араларында Түркияның Анадолы агенттігі бас директоры Шериф Арзык бар 14 адам қаза тапты.