Тарихта бүгін 16 ақпан

Тарихта 16 ақпан  күндері не болған екен?

1146214
Тарихта бүгін 16 ақпан

Бүгін 16 ақпан. Тарихта 16 ақпан  күндері не болған екен?

1459 жылы 16 ақпан күні Стамбулды жеңіп алып, бір дәуірді жауып бір дәуірді бастаған Фатих Сұлтан Мехметтің ұстазы, түрік ғалымы Акшемседдин қайтыс болды. Сегіз қырлы бір сырлы болған Акшемседдин ғылымда және сопылықта болғандай, медицина саласында да үлкен атаққа ие. Тек дене ауруларын ғана емес, нерв ауруларын да емдейді. Акшемседдин Antonie van Leeuwenhoek-тің мөлшермен екі ғасырдан кейін  тәжірибесі арқылы  тапқан микробты «Маддетул-Хаят» атты шығармасында талай жыл бұрын былай айтқан еді: «Аурулардың адамдарда бір-бірлеп  ортаға шыққанын ойлау дұрыс емес. Аурулар адамдардан адамға жұғады. Бұл аурулар көзбен көрінбейді, өте кішкене. Алайда жанды тұқымдар арқылы жұғады».

  ***             

Түркияда авиация өнеркәсібін құру, әскери, азаматтық, спорттық және туристік авиацияны дамыту үшін 1925 жылы 16 ақпан күні «Түрік Ұшақ Қоғамы» құрылды. «Болашақ аспанда» деп авиацияның маңызын түсіндірген Түркия Республикасының құрушысы Мұстафа Кемал Ататүрік бұйрығымен құрылған қоғамның аты  1935 жылы «Түрік әуе қоғамы» деп өзгертілді. Қоғам Түркияның алғашқы әйел ұшқышы Сабиха Гөкчен сынды көптеген әйгілі ұшқыш жетілдірді. 1931 жылы ұшқыш Вежихи Бей өз лабораториясында өндірген ұшақпен ұшып, Түркияны бір айналып шыққанда, қоғамның шетелде тәрбиелеген инженерлерінен Селахаттин Бей және оның командасы  ұшақ моторлары мен ұшақ бөлшектерін өндірді. 

***

1959  жылы 16 ақпанда Фидель Кастро Куба төңкерісінің нәтижесінде Фульхенио  Батистаның 1 қаңтарда президенттіктен құлатылуынан кейін Куба мемлекет басшысы болды. Батиста диктаторлығын құлату үшін 1953 бастаған іс-әрекеттерімен Куба төңкерісінің ең маңызды лидерлерінің бірі болған Кастро билік басына келуімен елдегі бағаларды төмендетті. Жер реформалары арқылы жерлерді мемлекет меншігіне алып, Халық совхоздарын құрған Кастро әкімшілігі қысқа мерзім ішінде АҚШ-пен кере қарыс көзқараста болды. Уақыт барысында АҚШ-тың ең үлкен дұшпанының біріне айналды. 1961 жылы Американың Кубаға қарсы жүргізген «Доңыздар Шығанақ әрекеті»-нен кейін 1962 жылы Кеңестер Одағы зымырандарының Кубаға қондырылуына рұқсат берген Кастро ұзақ жылдар бойынша АҚШ пен Кеңес Одағы қақтығыстарының орталығы болды. Денсаулығының нашарлауына байланысты ол 2008 жылы өз еркімен президенттік міндетінен айрылғанын жариялады.  

***

1999 жылы 16 ақпанда Өзбекстанның астанасы Ташкентте президент Ислам Кәримовқа қастандық жасалды. Кәримов шабуылдан аман-есен құтқарылды. Шабуылда 15 өзбек әскері қаза тапты, ондаған адам жарақат алды. Шабуылды «Хизбул Тахрир» мойнына алды.


Этикеттер: #тарих , #Стамбул , #Куба

Ұқсас жаңалықтар