Тарихта 30 қаңтар

Тарихта бүгін

1135187
Тарихта 30 қаңтар

30 қаңтар 1923 жылы Грекиямен Тұрғын Айырбастау келісімі жасалды.  Осы келісім Түркиядағы понтилердің Грекияға,  Грекиядағы түріктердің Түркияға көшуін көздейтін. Лозанна келісіміне қосылған хаттама шеңберінде 1923 жылдың желтоқсан айынан бастап 1927 жылға дейін жүзеге асқан айырбастау процесінде 400 мың түрік пен 1 миллионнан астам понти қоныс аударды.  Түркияда Стамбул,  Гөкчеада және Бозджаада аралдарында өмір сүретін понтилер мен Грекияда Батыс Фракияда өмір сүретін түріктер осы айырбастау келісімінің аясына алынбады.  Осы мәжбүр көш әрі Түркия,  әрі Грекия экономикасында 2 жылдай экономикалық дағдарысқа себеп болды.

**

Ұлттық-социалисттік неміс жұмысшы партиясының құрушысы және төрағасы Адольф Гитлер 1933 жылдың 30 қаңтар күні Германия лидері болды. Ұлттық социализмнің құрушысы Гитлер Германияны 12 жыл бойы өз идеологиясымен басқарды.  Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін басталған экономикалық дағдарыс салдарынан аштық және тапшылықтан қиналған төменгі және орта сынып неміс халқы оның соңынан ерді. Үгіт-насихатта ұлтшылдық,  социолизм, антисемитизм, антикоммунизм, антикапитализм қолданылды. Экономика жақсарып,  қайта қаруланған бір армия және фашистік билікпен Гитлер Германия ішіндегі тәртіпті орнатты және мықты ел орнаған соң эскпансиялық саясат жүргізді. Алдымен Польшаға шабуылдады.  Осылайша Екінші дүниежүзілік соғыс басталып,  миллиондаған адамның қаза болуына себеп болды.

**

1938 жылдың 30 қаңтары.  Өзбекстанның марқұм президенті Ислам Каримов дүниеге келді. Каримов Кеңес Одағы кезінде балалар үйінде өсіп,  артынан Ташкентте инженерлік және экономика мамандығын оқыды.  Кеңес Одағы кезінде министрлік және вице-премьер міндеттерін атқарды.  Одақтың құлау үрдісінде республикалардың тәуелсіздік алуы үшін жұмыстанды. 1991 жылдың 31 тамыз күні Өзбекстанның тәуелсіздігін жариялады. 1990 жылдан 2016 жылы қайтыс болғанға дейін ел басқарды.

**

Үндістан ұлт азаттық күресінің саяси және рухани лидері Махатма Ганди 1948 жылдың 30 қаңтар күні Жаңа Делиде қастандықпен өлтірілді. Қазірге дейін әлемге әсер еткен көзқарастары «Гандизм» деп аталды. Жамандықпен бейбіт жолмен күресудің теориясы мен тактикасын белгілеп, оны «сатьяграха» деп атады. Ганди осы көзқарасымен Үндістанды тәуелсіздікке жетеледі және бүкіл әлемде азаматтық құқықтары мен еркіндікті аңсаушылардың шабыт көзіне айналды.



Ұқсас жаңалықтар