Су басқаруы және қаржыландырудағы өзгеріс пен айналымы

Су - өмір тынысы 16

354409
Су басқаруы және қаржыландырудағы өзгеріс пен айналымы

Алдымен кейбір тақырыптарды еске түсірейік:
Өнеркәсіп төңкерісімен бірге ауылдан қалаға көшу артып, қалада адам саны өсе бастады. 19-шы ғасырдың ортасына дейін жалғасқан алғашқы кезеңде әсіресе жаңадан құрылған өнеркәсіп қалаларында кіші жекеменшік фирмалар тек қана бай адамдар өмір сүрген көшелерге су тарату жүйесін орнатып, қызмет беретін. Яғни, су құбырларын салу, сумен қамтамасыз ету қызметі тек төлеу күші бар адамдар үшін күн тәртібіне келетін.
Өнеркәсіп қалаларында халық денсаулығы және қоршаған орта мәселелері пайда бола бастаған соң алдымен Англияда, кейін бүкіл Батыс Еуропа мемлекеттерінде су басқаруына бағытталған мекемелік бақылау және тексеру жұмыстары күн тәртібінде орын ала бастаған.
1890-шы жылдары суды қаржыландыру және қызмет әкімшіліктердің яғни, мекемелердің қолына өтуімен әсіресе жекеменшік фирмалардың су саласындағы күші де азая бастаған.
1-ші дүниежүзілік соғыстың артынан басталған жаңа кезеңде мемлекеттер мекемелік қызметтерді қамтамасыз ету, бақылау, ұйымдастыру және ауқымды инфрақұрылымдық инвестицияларды жүзеге асыру барысында маңызды рөлдер атқара бастады. Осы бағытта су инфрақұрылымдарын қамтамасыз ету жұмыстары негізгі қызметтермен бірге ұлттық деңгейде қолға алына бастады. Суды тарату және бөлісу тақырыбында бай-кедей екеніне қарамастан әділетті бір жүйе орнату нысанаға алынды.
Осы еске түсірудің артынан 1970 жылы орталарында басталған жаңа кезеңмен бағалауымызды жалғастырамыз.
* * *
Кезеңге қол таңбасын қалдырған негізгі ұғым жаһандық әлсіреу болды. Әлсіреу нәтижесінде мемлекет қолынан экономикалық өсу моделі тасталып, орнын мекемелік жекеменшік сала ынтымақтастығы моделі ала бастады. Бұл кезеңде мемлекет ұсынған қызметтер бюджеттік кемшіліктер себеп көрсетіліп, қысқарды. Мекеме қызметтерін жекешелендіру тақырыбы болса осы кезеңнің жаңа бір ұғымы болатын. Мемлекеттің қолындағы құндылықтары, фирмалары немесе ортақ мүліктеріне жататын құндылықтары нарыққа шығарылды. Осылайша жекеменшік салаға жаңа салалар қосылып, экономикалық әлсіздіктен құтылу мақсат етілді. 1990 жылдары аталмыш жаңа табыс салалары қатарына халықаралық мекемелердің бастамасы ретінде су қызметтері және су көздері де қосылды. Көптеген елде су саясаты мен суға қатысты инфрақұрылымдық инвестицияларға деген қолдау саясаты шетте қалдырыла бастады. Су қызметтерінің мемлекет қолымен жүргізілуінен бас тартуы, мұның орнына суды көп ұлтты су фирмалары арқылы қамтамасыз ету және қаржыландыру халықаралық салада қолдау көре бастады. Бұл жаңалықтармен параллелді түрде су фирмалары қоршаған орта мәселелерін күн тәртібіне әкеліп, қалалық су көздерінен пайдалануды азайтатын үгіт-насихаттар жүргізе бастады.
Тақырыпқа қатысты қайнар кітаптарда 1990 жылдары басталған су басқаруы және қаржыландыруын жекешелендіру ұғымына байланысты төрт негізгі ерекшелік атап көрсетіледі.
Олар:
- Біріншіден жаңа жекешелендіру кезеңі өнеркәсіп төңкерісінің алғашқы жылдарындағы кіші фирмалардың су тарату қызметін атқаруынан басқаша ерекшеліктерге ие. Сол кездегі кіші фирмалар арасында бәсекелестік бар болатын. Жаңа кезеңде болса табысы әлемнің ең бай 100 фирмасының қатарына қосылатындай үлкен, жекешеленген көп ұлтты су фирмасы орын алған, жекеменшік нарық су моделін, су басқаруын және қаржыландыруын анықтайды.
- Мамандар жекешелендіру кезеңін алдыңғы кезеңдерден айырған екінші ерекшеліктің көп ұлтты су фирмаларындағы қаржы қозғалысы екенін айтады. Әлем банкі сияқты көп тарапты жәрдем мекемелерінен де оңай несие алатын бұл фирмалар әлемнің әртүрлі аймақтарындағы миллиондаған су тұтынушысы алдында жан-жақты маңызды мүмкіндіктерге ие. Осы мүмкіншіліктер мекемелік басқарудың су басқару мен қаржыландыру саласынан онша шыдай алмай, бастартуына себеп болады.
- Үшіншісі көп ұлтты су фирмалары тек қана қаржыландыру тұрғысынан емес, идеологиялық тұрғыдан да халықаралық мекеме және қоғамдардан маңызды қолдау алады. Әлем су Кеңесі тақырыбы жайлы тарауымызда осы жайлы мағлұмат берген едік. Енді мемлекеттердің су саясатын белгілеуде көп ұлтты су фирмаларының сұраныстары алдыңғы кезекте назарға алынады. Үкіметтер көп ұлтты және халықаралық жәрдем мекемелері тарапынан қолдау көрген бай су фирмалары алдында ауқымды жобалар өндіріп, осы жобаларды қаржыландыра алмайды.
- Жаһандану және жекешелендіру кезеңін алдыңғы кезеңдерден айырған тағы бір ерекшелік те мемлекеттің жүйесімен байланысты пікір таластар. Өнеркәсіп төңкерісінен кейін француз төңкерісімен нақтыланған ұлттық мемлекет ұғымы осы күнде жергілікті әкімшіліктердің алға шығуымен түрленеді. Жаһандық қаржыландыру қолдауы мемлекеттерге емес, қала әкімшіліктеріне бағытталады. Осы жағдай басқа көптеген салада болғандай, су басқаруы тақырыбында да орталық үкіметтердің әсерін және күшін азайтады.
Осы тарауда соңғы рет тақырыпқа қатысты тұғырда маңызды бір пікір таластық мәселені қысқаша айтқымыз келеді. Соңғы жылдары суға қатысты платформаларда «судың аздығы көзқарасы» кең тарайды. Бірақ су тарату қызметтерінің жекешелендірілуіне су көздерінің көп ұлтты фирмаларға берілуіне қарсы болғандар «судың аздығы көзқарасының» көп ұлтты фирмалар тарапынан күн тәртібіне әкелінгенін және қолдау көргенін айтады. Баршаға мәлім капитализмнің ең маңызды заңдарының бірі - бір тауардың сауда құны табысы тұрғысынан алдымен сол тауардың аздығын қабылдау керек. Осы негізгі принциптен жолға шығып, негізінде әділ бір тарату және бөлісумен жеткілікті су көздерінің алдымен «аздығы» және судың азайып жатқаны көзқарасының қолдау көруі, артынан судың бір сауда тауары ретінде нарыққа шығарылуы күн тәртібіне әкелінеді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар