Сумен байланысты халықаралық мекемелер

Су - өмір тынысы 10

312958
Сумен байланысты халықаралық мекемелер

Cудың «экономикалық бір тауар» ретінде қабылдау кезеңін және бұл кезеңде халықаралық мекемелердің қалай орын алғанын түсіндірген едік. Қазір сумен байланысты халықаралық мекемелер жайлы сөз қозғаймыз.
Тұңғыш рет 1972 жылы құрылған «Халықаралық су көздері Одағы» (International Water Resources Association-IWRA) жайлы айтқымыз келеді.
Халықаралық су көздері одағы су тақырыбында халықаралық деңгейде бір басқару орнату мақсатымен 1972 жылы құрылды. АҚШ-та құрылған ұйым мемлекеттер арқылы емес, фирмалар арқылы жұмыс істейтін бір ерекшелікке ие. Алғаш құрылғанда құрамында әр түрлі мемлекеттен 1900 мүше фирмасы болатын.
Құрылғаннан қысқа уақыт өткен соң БҰҰ-нда кеңесшілік рольі атқара бастаған Халықаралық су көздері одағы (IWRA), өзін «екі жақты диалог, оқу және зерттеу әдісімен барлық әлемдегі су басқаруын жақсартуға күш жұмсаған бір мекеме» ретінде атайды.
Халықаралық су көздері одағы 1994 жылы Каирде ұйымдастырылған 8-ші Әлем су конгресінде «Әлем су кеңесін» құру ұсынысын күн тәртібіне әкелді. Конгрестің аяғында «жаһандық деңгейде су басқаруы саласындағы әлсіз, шашылып жатқан және бір-бірімен байланысы үзілген жұмыстардың бір шаңырақ астында жинақталуы» мақсатына қол жеткізу үшін «Әлем су кеңесін» құруға шешім қабылданды.
Орталығы Францияның Марсель қаласындағы «Әлем су кеңесі» (World Water Council WWC) 1996 жылы құрылды.
Әлем су кеңесі өзін «көп үлесімді халықаралық тұғыр» ретінде танытады. Ұйымның басылымдарында «тұғыр» сөзінің орнына кейде «байланыс жүйесі», ал кейде «қол шатыр ұйымы» атаулары қолданылады.
* * *
Әлем су кеңесінің ресми интернет парақшасындағы анықтамасы «пайда табуды көздемеген, ұзақ мерзімді жаһандық су саясатымен байланысты тақырыптар, су көздерінің басқарылуына қатысты мәселелерге шешім табу мақсатты, үкіметтік емес бір қолшатыр ұйымы» деп берілген.
Әлем су кеңесінің мүшелері арасында мемлекеттердің су және қоршаған ортамен байланысты министрліктері мен мемлекеттік мекемелерін, көп ұлысты немесе жергілікті су фирмаларын, БҰҰ-на қарасты әртүрлі мекеме немесе бағдарламаларын, әртүрлі халықаралық немесе ұлттық институт және қорды бірге ортада көре аламыз. Осы құрамымен Әлем су кеңесі заманымыздың су тақырыбындағы ең ықпалды мекемесі болып табылады.
Кеңес ұзақ мерзімде атсалысқан екі жобамен жұмыстарын жүргізеді: «Су, тіршілік және қоршаған орта» тақырыпты тұңғыш жобасы арқылы келесі ғасырда адамзат кездесетін сумен байланысты мәселелерді жүйелі түрде анықтау және шешім ұсыныстарын жетілдіруді нысанаға алады. «Жаһандық су бағаландыруы» тақырыпты екінші жобамен болса, әлемдегі таза ауыз суы көздеріне қатысты нақты мағлұматтар жиынтығын құруды мақсат етеді.
Әлем су кеңесінің негізгі саясаттары ең ауқымды түрде 2000 жылы басылған Әлем су көзқарастары (World Water Vision) құжатында атап көрсетілген.
Су көздері басқаруында бірігу мақсатын қолдайтын «Әлем су көзқарасында» болашақ үшін мына қадамдарды басу маңызды болып табылады:
- Сумен байланысты егіншілікті шектеу;
- Судың өнімін арттыру;
- Су қоймаларын арттыру;
- Су көздерін басқару мекемелерін реформалау;
- Халықаралық қойнаулардағы ынтымақтастықты жетілдіру;
- Экожүйемен байланысты қызметті саудаға қою;
- Жаңалықтарды қолдау.
* * *
Әлем су кеңесі атқарған ең маңызды жұмыс ретінде 3 жылда бір рет ұйымдастырылған «Әлем су форумын» атап көрсетуге болады.
1-ші Әлем су форумы 1997-де Марокконың Марракеш қаласында ұйымдастырылды.
1997 Марракеш форумында тұңғыш рет «Әлем су көзқарасы» ұғымы ортаға қойылды. Қорытынды хаттамамен кеңеске осы көзқарасты жетілдіру міндеті жүктелді. Кеңес осы жұмыстарын 1998 жылы аяқтады. Осы жұмыстар үшін ең үлкен қаржы қолдауын Голландия үкіметі мен Сыртқы істер министрлігі берді. Сондай-ақ көзқарас құжатының дайындық жұмыстарына ЮНЕСКО Су білімдері бөлімшесі де қолдау көрсетті.
2000 жылғы Гаага форумы Әлем су көзқарасының да толықтырылуымен одан нақты шешімдермен аяқталды. Қорытынды хаттамада «су көздерін бөлісу», «суды саудаға қою», «суды жақсы басқару» сияқты тақырыптар су қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуінде басты мәселе болып ортаға қойылды.
2003 жылдың наурыз айында Жапонияның Киото қаласында өткізілген 3-ші Әлем су форумында «Қияли су форумын» өткізу бағытында жаңа бір шешім қабылданды. Кеңес екінші Әлем су форумында қабылдаған шешімдерді қадағалай отырып, жер шарында суға қатысты 3 мың жұмыстың құжатын қамтыған «Әлем су әрекеті рапортын» ұсынды. 24 мыңнан астам қатысушысымен 3-ші Әлем су форумы бүгінге дейін суға қатысты өткізілген ең үлкен жұмыс ретінде тіркелді.
4-ші Әлем су форумы болса тұңғыш рет Америка құрлығында және шамамен 20 мың қатысушымен Мексикада ұйымдастырылды.
Мексика форумы Латын Америка және Мексикадағы суды жекешелендіруден туындаған қоғамдық наразылықтың көлеңкесінде жүзеге асты және осы тақырыптағы тартыстар форумдай назар тартты.
5-ші Әлем су форумы болса 2009 жылы 16-22 наурыз күндері аралығында Түркияның Стамбул қаласында ұйымдастырылды. Тақырыбы «Су үшін айырмашылықтарды біріктіру» деп аталатын 5-ші Әлем су форумына келесі бағдарламамызда орын береміз.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар