Әлемдегі ең үлкен Құран парағы

Қолжазба парақ Өзбекстанда жасалып шықты.

1638511
Әлемдегі ең үлкен Құран парағы

Өзбекстанда әлемдегі ең үлкен қолжазба Құран Кәрім парағы дайындалды.

Бас қала Ташкенттегі Ислам Мәдениеті орталығының директоры Шаазим Мунавваров орталықта 14-ғасырдан қалған Құран кітаптың бір парағынан қолжазба нұсқасы алынғанын айтты. Ол қолмен жазылған парақтың «әлемдегі ең үлкен» Құран парағы екенін атап көрсетті.

Мунавваров өзбек шебер Нежмеддин Фаяздың осы парақты алты айда дайындағанын білдірді. Бұл - Темір империясының үшінші билеушісі Шахрух Мирза үшін баласы Байсункар Мирза арнайы дайындатқан Құран кітаптың парағының үлкейтілген нұсқасы.

Алтын суымен жазылған Құран парағының дайындалуы үшін арнайы қағаз Жапониядан, бояуы Түркиядан жеткізілді. Бір парақтан тұратын көркем жазу туындысы Ислам мәдениеті орталығында сақталады.

Орталық директоры аталмыш парақтың әлемдегі ең үлкен Құран Кәрім парағы ретінде Гиннесс Рекордтар кітабына енуі үшін жұмыс бастағандарын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар