Швейцария Кәримованың туысының 133 миллион долларын Өзбекстанға қайтарып береді

Швейцария Бас прокуратурасы Кәримованың туысының 133 миллион долларын Өзбекстанға қайтарып беретінін білдірді.

1224393
Швейцария Кәримованың туысының 133 миллион долларын Өзбекстанға қайтарып береді

Швейцария Бас прокуратурасы  Өзбекстанның бұрынғы президенті Ислам Кәримовтың қызы Гүлнар Кәрімованың бір туысына байланысты "Кірлі ақшаны тазалау" пайымдауымен жүргізген тергеу нәтижесінде қолға түсірген 133 миллион долларды Өзбекстанға қайтарып беретіндерін хабарлады.

Прокуратурадан жасалған мәлімдемеде Гүлнар Кәрімованың бір туысының Швейцария Федералдық жаза сотында 2003-2014 жылдары арасында ақшаның қайдан келгенін және банктен кімнің алғанын жасыру ниетімен компаниялар атынан банк есепшотын тіркеу және жалған банк құжаттарына қол қоюдан сотталғаны білдірілді.

Кәримованың қазір Өзбекстанда түрмеде отырған туысының 390 мың Швейцария франгі жаза төлеуіне және тергеу барысында қолға түсірілген 130 миллион Швейцария франгінің (133 миллион доллар) Өзбекстанға қайтарылуына шешім жасалғаны білдірілді.

Швейцария Кәримова және аты жасырылған 5 өзбек азаматы жөнінде 2012 жылы шілдеде тергеу бастаған және банк есепшоттарындағы 800 миллион Швейцария франгін тапсырып алған болатын.  

 



Ұқсас жаңалықтар