Каппадокияға келуші туристер саны артты
2024 жылы Каппадокияға 1 миллион 351 мың 763 турист келген.
2236054

2024 жылы Каппадокияға келген жергілікті және шетелдік турист саны өткен жылға қарағанда 13,5 пайызға артып, 1 миллион 351 мың 763-ке жетті.
Невшехир әкімі Али Фидан мәлімдемесінде табиғи, тарихи және мәдени құндылықтарымен жергілікті тұрғындар мен шетелдіктердің назарын аударатын Каппадокияға 2024 жылы келген туристер саны алдыңғы жылмен салыстырғанда артқанын хабарлады.
Фидан өткен жылы аймақтағы мұражайлар мен тарихи орындарға 4 миллион 374 мың 19 турист келгенін, бір күндік демалысқа келгендерден бөлек 1 миллион 351 мың 763 туристің аймақтағы 856 нысанда болғанын айтты.
Қала әкімі аймаққа ең көп турист Испания, Қытай, Оңтүстік Корея, Италия және АҚШ-тан келгенін атап өтті.