Көптеген өсімдік пен жануар түрі жоғалды
Көптеген өсімдік пен жануар түрінің әртүрлі факторлар әсерінен генетикалық әртүрлілігіннен айрылып жатқаны анықталды.

Университет ғалымдары жүргізген зерттеу аясында 1985-2019 жылдар аралығында 628 өсімдік пен жануар түріне қатысты жинақталған деректер талданды.
Зерттеу нәтижелері құстар мен сүтқоректілерді қоса алғанда өсімдіктер мен жануарлардың шамамен үштен екісінің генетикалық әртүрлілігінің азайғанын көрсетті.
Ғалымдардың айтуынша генетикалық әртүрліліктің жоғалуы әлемдік деңгейде болуда және бұл құбылыс табиғи апаттар, аурулар немесе ауыл шаруашылығындағы өнім жинау сияқты әртүрлі фактордан туындауы мүмкін. Сонымен қатар көптеген түр осындай экологиялық өзгерістерге бейімделуде қиындықтарға тап болуда.
Зерттеу тобының мүшесі, Сидней университетінің қорғау биологы Кэтрин Грубер "Таңғаларлық үрдіс ретінде қауіп-қатер тобына кірмейді деп саналатын көптеген түрдің де генетикалық әртүрлілігінің азайғанын байқадық" деп мәлімдеді.
Ғалымдар қоршаған орта жағдайларын жақсартуға және популяция өсімін арттыруға бағытталған стратегиялар генетикалық әртүрлілікті сақтап қана қоймай, оны көбейтуге де көмектесуі мүмкін екенін атап өтті.
Зерттеу нәтижелері "Nature" журналында жарияланды.