Қытайдың жасанды интеллект моделі рекорд орнатуда
Қытайдың “DeepSeek” атты жасанды интеллекті арзан және жылдам таралуда.

Қытайда жасалған “DeepSeek” жасанды интеллект моделі өзінің қолжетімді бағасы мен жылдам таралуы арқылы жаһандық деңгейде танымал болды.
Қысқа мерзімде таралған “DeepSeek” мобильді қосымшалар дүкендерінде Америка Құрама Штаттарында (АҚШ) жасалған “OpenAI-дың” “ChatGPT” чат-ботынан да асып түсіп, ең көп жүктелген жасанды интеллект қосымшасына айналды.
Бәсекелестеріне қарағанда әлдеқайда аз қаржымен әзірленген бұл жасанды интеллекттің тез таралуы технология саласындағы жаңа бәсекелестік толқынын бастады.
“DeepSeek” әлеуметтік желілерде де ең көп талқыланған қосымшалардың бірі болды. Оның таралуы жасанды интеллект саласындағы алпауыт компаниялардың акцияларына әсер етті.
“DeepSeek” - 2023 жылдың желтоқсанында Лян Вэнфэн негізін қалаған жасанды интеллект жобасы. Бір жылдан кейін көпшілікке ұсынылған бұл модель бәсекелестеріне қарағанда әлдеқайда қысқа мерзімде жасалды.
20 қаңтарда нарыққа шыққан “DeepSeek” “R1” моделін мобильді құрылғыларға тегін жүктеуге болады.
Қытайлық жасанды интеллект жүйелері әдетте бәсекелестерінен аз қуат талап етеді. Әлемдегі жетекші жасанды интеллект чат-боттары 16 мыңнан астам чип қолданса, “DeepSeek” небәрі 2 мың чиппен жұмыс істейді.
“DeepSeek” АҚШ-тың “Nvidia H800s” чиптерін пайдаланып, 6 миллион доллардан аз қаражатқа әзірленген. Ал “OpenAI” “ChatGPT-дің” ең соңғы нұсқасын дамыту үшін 100 миллион доллардан астам қаржы жұмсаған болатын.