Робби Уильямс Стамбулда концерт береді
Уильямс "Live 2025" туры аясында 7 қазанда Фестиваль Парк Йеникапыда концерт береді.
2231849

Әлемге танымал ағылшын поп жұлдызы Робби Уильямс алғаш рет Стамбулда музыка сүйер қауыммен кездеседі. "Angels", "Feel" және "Let Me Entertain You" сияқты хит әндерімен музыка әлемінде үлкен жетістікке жеткен Уильямс "Live 2025" туры аясында 7 қазанда Фестиваль Парк Йеникапыда концерт береді. “Brit Awards” сияқты көптеген беделді марапатқа ие болған Робби Уильямс тек музыкасы ғана емес, сахнадағы шынайылығы мен жанкүйерлерімен орнатқан ерекше байланысы арқылы да танымал.
Концерт билеттері 20 қаңтардан бастап Түркия уақытымен сағат 13:00-де “Biletix”, “Passo”, “Biletinial” және “Bubilet” платформаларында сатылымға шығады.