10 жасар спортшы үшінші орын алды

Спорттық шара Эгей аймағынан келген каратэ спортсмендеріне бас қостырды.

2232506
10 жасар спортшы үшінші орын алды

Түркияның Маниса қаласында өткен Эгей Каратэ лигасының 1-кезеңі үлкен толқуға сахна болды. Айдыннан келген Серпил Өйкү Алхан жасөспірімдер арасында қыздар санатындағы өнерімен үшінші орын алды.  Маниса уәлаятының өкілдігі ұйымдастырған және барлығы мыңға жуық спортшы қатысқан бұл үлкен спорттық шара Эгей аймағынан келген каратэ спортсмендеріне бас қостырды.

2015 жылы дүниеге келген Серпил Өйкү жасының кіші болғанына қарамастан мықты қарсыластармен бәсекелесіп жетістікке жетті. Серпил Өйкудің жаттықтырушысы Яшар Акчакөсе "Серпил Өйкү күш-жігері үшін марапатқа ие болды. Оның тәртіп және табандылықпен бұдан да үлкен жетістікке жететініне сенеміз" деді.



Ұқсас жаңалықтар